12.01.2012, 11:45 3377

"Фукусима" АЭС маңында 5,7 балдық жер сілкінісі болды

АҚШ геологиялық қызметі хабарлағандай, жер сілкінісінің ошағы теңізде, Хонсю аралынан шығысқа қарай, Жапония астанасы Токиодан шамамен 192 км қашықтықта болған.

Астана. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - "Фукусима" АЭС маңында 5,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Фукусима префектурасы маңында 5,7 баллдық жер сілкінісі болған.

АҚШ геологиялық қызметі хабарлағандай, жер сілкінісінің ошағы теңізде, Хонсю аралынан шығысқа қарай, Жапония астанасы Токиодан шамамен 192 км қашықтықта болған.

Жер сілкінісінің ошағы 9 шақырым тереңдікте ғана орналасуына байланысты жер асты дүмпулері бірнеше жапон префектураларында, әсіресе былтырғы жер сілкінісі барысында ауыр зардап шеккен атом электр стансасы бар Фукусимада анық байқалды.

Зардап шеккендер мен қирандылар жайында әзірге еш ақпарат келіп түскен жоқ. Цунами жайында ескерту де жарияланған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны