25.01.2010, 11:03 2094

Гаитиде магнитудасы 5,5 балл жаңа жер сілкінісі болды

Гаитиде магнитудасы 5,5 балл жаңа жер сілкінісі болды

Алматы. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Гаитиде магнитудасы 5,5 балл құраған жаңа жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-тың Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы арал - мемлекеттің астанасы - Порт-о-Пренс қаласынан батысқа қарай 41-ші шақырымда орналасты.

Өздеріңізге мәлім, Гаити астанасы 2010 жылдың 13 қаңтарында болған жойқын жер сілкінісінің салдарынан толық дерлік жермен-жексен болды. Соңғы мәліметке сәйкес, зәлзала құрбаны болған 150 мың адам жерленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны