08.09.2009, 11:50 1609

Грузиядағы жер сілкінісінен болымсыз зақым келді

Грузиядағы жер сілкінісінен болымсыз зақым келді

Тбилиси. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алдын-ала мәліметке сәйкес, Грузиядағы жер сілкінісінен болымсыз зақым келді. Бұл туралы Грузия президентінің Рача-Лечхуми және Квемо Сванети өңірлеріндегі өкілі Давид Гагошидзе мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Грузияның Ұлттық қоршаған орта агенттігінің мәліметінше, Рихтер өлшемі бойынша қуаты 8 балл жер сілкінісі Тбилиси уақытымен сағат 02.41-де Кутаисиден солтүстік-шығысқа қарай 58 шақырымда Грузияның Рача-Лечхуми ауданында болған.

Тбилисидегі жер асты дүмпуінің қуаты 4 балл болды.

Д. Гагошидзенің хабарлауынша,өңірдегі жер сілкінісі болымсыз зақымдар әкелген. Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны