23.04.2012, 14:51 3568

Хайуанаттар бағынан қашып кеткен аю екі әйелді мерт етті

Жапониядағы Акита префектурасындағы хайуанаттар бағында қоршаудан шығып кеткен қоңыр аю сонда жұмыс істейтін екі әйелге тап берген.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Хайуанаттар бағынан қашып кеткен аю екі әйелді мерт етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Жапониядағы Акита префектурасындағы хайуанаттар бағында қоршаудан шығып кеткен қоңыр аю сонда жұмыс істейтін екі әйелге тап берген.

Олардың екеуі де мерт болды, ал бір жұмысшы зорға қашып құтылған.

Хайуанаттар бағында 38 аю бағылуда. Қазіргі уақытта бақ жабық. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қашып кеткен алты аюдың барлығын аңшылар атып тастаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны