14.08.2012, 14:48 3286

Іле-Алатау ұлттық паркінде табылған адам мәйіттердің саны 11-ге жетті

"Дәл қазір тағы 3 мәйіт табылып отыр. Сонымен Іле-Алатау ұлттық паркінде табылған адам мәйіттерінің саны 11-ге жетті", - деп мәлім етті бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Астана. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Соңғы ақпаратқа сәйкес Алматы облысының Іле-Алатау ұлттық паркінде табылған адам мәйіттерінің саны 11-ге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Ресми ақпаратқа сәйкес тамыздың 13 күні Іле-Алатау ұлттық паркінің №4-ші кордон аумағында орналасқан орманшының үйі жанында екі адамның мәйіті табылған болатын. Жедел тергеу тобы біреуінің 53 жастағы орманшының әйелі, ал екінші адам мәйітінің 30 жастағы жұмысшы екендігін анықтады. Оқиға орнынан алыс емес жерде тағы 4 адамның мәйіті табылды. Қазіргі кезде олардың толық аты-жөндері белгілі.

"Осыдан кейін 25 шақырым шалғай жерге орналасқан №3-ші кордондағы орманшының үйінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Орманшының өзі Қарағайлы ауылында екендігі анықталды. Ал, өрт болған жерден полиция қызметкерлері 2 адамның күйген мәйітін анықтаған еді. Дәл қазір тағы 3 мәйіт табылып отыр. Сонымен Іле-Алатау ұлттық паркінде табылған адам мәйіттерінің саны 11-ге жетті

Министрліктің ресми өкілі атап көрсеткендей, қазіргі кезде құқық қорғау органдары орманшының баласын іздеп жатыр. Аталған қылмыс бойынша әртүрлі болжамдар қарастырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны