06.01.2011, 17:19 4400

Индияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, шамамен 20 аса адам қаза тапты

Индияның солтүстігінде Гималай таулы аймағында бір автобус саяхатшылар жолдан тайып апат болып 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 6 - қаңтар. Kazakhstan Today - Индияның солтүстігінде Гималай таулы аймағында бір автобус саяхатшылар жолдан тайып апат болып 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, Харидвар қаласынан бір автобус саяхатшылар атақты Мусари таулы демалыс орнынан қайтып келе жатқан.

"Сәрсенбі күні кешкісін сағат тоғыз шамаларында Дера-Дун маңында жолдан тайып барып жарға құлаған", - деп хабарлаған агенттікке сұхбат беруші.

Автобустың жүргізушісі аман қалып апат болған жерден ізін суытқан. Полиция оны мас болған деп күдіктенуде.

Штатттың бас министрі Рамеш Нишанк оқиға орнында болып және қаза тапқан жанұяларға 4,5 мың және жараланғандарға 1,2 АҚШ доллары өтемақы төлеуге шешім қабылдаған.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, жараланған 18 адам жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Жолаушылардың барлығы Жаңа жылды шипайжайда қарсы алып келе жатқандар екен. Апаттың себеп салдары әзірге белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны