27.03.2012, 10:57 3396

Индонезияда 5 балдық жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулері 64,4 шақырым тереңдікте тіркелді, зілзаланың ошағы елдің астанасынан 266 шақырым жерде.

Астана. 27-наурыз. Kazakhstan Today - Индонезияның Талауд аралында күші 5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің АҚШ-тың Геологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, жерасты дүмпулері 64,4 шақырым тереңдікте тіркелді, зілзаланың ошағы елдің астанасынан 266 шақырым жерде.

Қаза болғандар мен қирандылар жайлы мәлімет түскен жоқ, деп хабарлады РБК. Жер сілкінісі болған жақын аудандарда әзірше цунами қаупі білінбейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны