10.01.2011, 14:10 4074

Иранда болған ұшақ апатынан 70 адам қаза тауып, 32 адам тірі қалған

Иранда болған ұшақ апатынан 70 адам қаза тауып, 32 адам тірі қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 10 - қаңтар. Kazakhstan Today - Иранда болған ұшақ апатынан 70 адам қаза тауып, 32 адам тірі қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттік Ирандық IranAir әуе компаниясының Boeing-727 ұшағы Иранның солтүстік-батысында Тегераннан 700 шақырымда Урмия қаласының аумағында апатқа ұшырағандығын естеріңізге сала кеткен. Иуе кемесі Иран астанасының әуе жайынан бір сағатқа кешігіп ұшып, ауа райының қолайсыздығынан апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың саны ұлғаюы мүмкін.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, апат техникалық себептерден болды делінсе де, оған ауа райының қолайсыздығы да себеп болған көрінеді, өйткені ұшақ қонған кезде қарлы боран соғып тұрған. Апат ауданында жауған қардың қалыңдығы 70 сантиметрден асады және мұның өзі құтқару жұмыстарына кедергі келтірді. Ұшқыштар ұшақтың кінараты туралы хабарлап үлгерген соң қайтара қонуға тырысқан екен. Дегенмен олар содан кейін радарлардан жоғалып кеткен. Бұдан кейін оның егінжай алқабына құлағаны анықталды. Алайда ұшақтағы 35 адам, оның ішінде экипаж мүшелерінің 2-уі тірі қалды.

Ирандық Press TV телеарансының сайты хабарлағандай зардап шеккендер жақын жатқан Урмия және Тебріз қалаларының ауруханаларына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны