21.12.2010, 13:46 3629

Иранда болған жер сілкінісінің салдарынан 7 адам қаза тапты

Иранда болған жер сілкінісінің салдарынан 7 адам қаза тапты, тағы жүздеген адам үйінді астында қалған. Үш елді-мекен түгелдей қираған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Вести.Ru" сілтеме жасай отырып.

Алматы. 21 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Иранда болған жер сілкінісінің салдарынан 7 адам қаза тапты, тағы жүздеген адам үйінді астында қалған. Үш елді-мекен түгелдей қираған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Вести.Ru" сілтеме жасай отырып.

Ирандық сейсмологтардың мәліметтеріне жүгінсек, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 22.12-де (Астана уақыты бойынша 00.42) болған, жер сілкінісінің эпицентрі Хосейнабад елді мекенінің жанындағы Керман провинциясыда орналасқан. Олардың хабарлауынша, жер сілкінісінің кіндігінде қатарынан 4,3 және 3,9 балдық екі жер асты дүмпуі тіркелген.

"Жеті адам қаза тапты және жүздеген адам жарақат алған. Тағы жүздеген адам үйінді астында қалды", - делінеді агенттікте жарияланған Керман провинциясының губернаторы Исмаил Наджараның сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны