10.04.2013, 14:39 3838

Иранда тағы да жер сілкінісі тіркелді

BNews.kz ақпарттық агенттігінің хабарлауынша, сейсмологтар зілзала ошағы 10, шақырым тереңдікте Бушерден 94 шақырым маңайда болған деп отыр. Изірге зардап шеккендер мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.

Астана. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін таңертең Иранның оңтүстігінде тағы да 5,6 балл жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпарттық агенттігінің хабарлауынша, сейсмологтар зілзала ошағы 10, шақырым тереңдікте Бушерден 94 шақырым маңайда болған деп отыр. Изірге зардап шеккендер мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.

Кеше күндіз Бушерде болған 6,5 балл зілзалада 37 адам қаза тауып 850 адам жарақат алды. Бірнеше ауыл жермен-жексен болып, қалалардағы жүздеген үйлер қираған. Қазір апат орталығында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеуде. Зардап шеккендерге тікұшақ көмекке келуде. Бүкіл елде үш күн қаралы күн деп жарияланған.

Зілзала елдегі даулы жалғыз атом электр стансасынан жүз шақырым маңайда тіркелгенімен билік апат АЭС жұмысына әсерін тигізген жоқ деп отыр.

АЭС нысаны мен құрал-жабдықтарының жағдайын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында Иранның және Ресейдің атом саласының мамандары кірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны