19.04.2013, 10:21 3577

Иранда тағы жер сілкінді

Жергілікті "Пресс-ТВ" телеарнасының хабарлауынша, тербелістер Шығыс Изірбайжан провинциясында тіркелген.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Иранның солтүстік-батысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жергілікті "Пресс-ТВ" телеарнасының хабарлауынша, тербелістер Шығыс Изірбайжан провинциясында тіркелген.

Иранда осымен соңғы бір апта ішінде үшінші рет жер сілкініп отыр.

Сейсенбі күні елдің Пәкістанмен шекараласатын бөлігінде 7,8 балдық дүмпулер тіркелген-ді. Ел билігінің хабарлауынша, зілзаладан бір адам көз жұмды. Ал, Пәкістанда кем дегенде 40 адам мерт болып, 300 адам жарақат алды. Тағы маңдаған тұрғын баспанасыз қалған.

АҚШ Геологиялық қызметінің деректеріне қарағанда, сәрсенбі күні сол ауданда тағы жер сілкінген. Зілзала күші 5,7 балды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны