11.02.2011, 16:09 3716

Ирландияда болған әуе апатынан 6 адам мерт болды

Ирландияда болған әуе апатынан 6 адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 11 - ақпан. Kazakhstan Today - Ирландияда болған әуе апатынан 6 адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, Ирландиядағы Корк қаласының әуежайында шағын ұшақ жерге құлап, 6 адам қаза тапқан. Ұшақта болған тағы да 6 адам тірі қалды.

Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Иуежайда бұл кезде қою тұман тұрған. Иуежайға бет алған ұшақтың қонуға жасаған алғашқы әрекеті нәтижесіз аяқталды, ал екінші рет қонбақ болғанда, ұшақ жерге құлап, өртенді. Солтүстік Ирландия астанасы Белфастан ұшып шыққан ұшақта 10 жолаушы мен 2 ұшқыш болған. Апаттан кейін Корк әуежайы жабылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны