10.08.2009, 10:12 1314

Ыстықкөл облысында "Lexus LX570" көлігі жарқабақтан Шу өзеніне құлады

Ыстықкөл облысында "Lexus LX570" көлігі жарқабақтан Шу өзеніне құлады

Бішкек. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Ыстықкөл облысының Боом шатқалында өткен сенбіде "Lexus LX570" көлігі жарқабақтан Шу өзеніне құлады. Құтқарушылар жүргізушінің мәйітін әлі тапқан жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 9 тамыз күні күндіз эвакуациялық жұмыстардың күрделілігіне байланысты жол уақытша жабылды. Көбісі Ыстықкөлден қайтқан жүздеген автокөліктерден бірнеше шақырымға созылған кептеліс түзілді.

Жолдың қарсы бағытына шығып алып жүріп кетуге талпынған жүргізушілердің бейберекетсіз әрекетінен қозғалыс бірнеше сағатқа бөгелді.

Шу облысын Ыстықкөл және нарын облыстарымен қосатын автожолда 9 тамызда кешке қарай ғана қозғалыс ашылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны