18.06.2009, 10:47 1241

Ыстықкөлде катамаранда серуендеп жүрген екі жасөспірімді толқын айдап әкетті

Ыстықкөлде катамаранда серуендеп жүрген екі жасөспірімді толқын айдап әкетті

Бішкек. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Ыстықкөлде катамаранмен серуендеп жүрген екі жасөспірімді толқын айдап әкетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Кош-Кол (пансионат "Дордой") ауылында сағат 14.00 шамасында болған.

"Іздестіру құтқару шараларын іске асыру үшін Шолпан Атадан құтқарушылар тобы шұғыл шықты, бірақ қараңғылық түскенге дейін іздеуден нәтиже шықпаған", - деп хабарлайды мекемедегілер.

Бүгін таң ата іздестіру құтқару шаралары қайта жалғасты. Оған 30-дан адам қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны