22.05.2012, 12:07 2591

Италияның солтүстігіндегі зілзаладан қаза тапқандардың саны 6 адамға жетті

Түнде Италияның солтүстігінде қатты жер сілкінісі тіркелді. Апат салдарынан 6 адам опат болған. Ондаған адам жараланып, жергілікті госпитальдарға жеткізілді. Тербелістің қуаты 6 балл шамасында болған. Қатты дүмпуден бірқатар қалаларда ғимараттар қирап, үкімет едәуір шығынға батып отыр. Исіресе, тарихи ескерткіштерге бай Эмилия-Романья аймағы айтарлықтай зардап шеккен.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Италияның солтүстігіндегі зілзаладан қаза тапқандардың саны 6 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Түнде Италияның солтүстігінде қатты жер сілкінісі тіркелді. Апат салдарынан 6 адам опат болған. Ондаған адам жараланып, жергілікті госпитальдарға жеткізілді. Тербелістің қуаты 6 балл шамасында болған. Қатты дүмпуден бірқатар қалаларда ғимараттар қирап, үкімет едәуір шығынға батып отыр. Исіресе, тарихи ескерткіштерге бай Эмилия-Романья аймағы айтарлықтай зардап шеккен.

Мұнда ежелгі мұнаралардың бірінің қабырғасы түгел дерлік қирады. Соңғы келіп түскен ақпараттарға сәйкес, ертесін мұнда жер тербелісі қайта байқалған. Дүмпу болған аймақтардан 3 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны