20.02.2012, 12:30 3219

Калифорнияда ұшақ пен тікұшақ соқтығысып қалды

Ұшу аппараттарының екеуі де оқиғадан кейін жерге қона алды, ешкім зардап шеккен жоқ

Астана. 20-ақпан. Kazakhstan Today. - Калифорнияда ұшақ пен тікұшақ соқтығысып қалды , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ұшу аппараттарының екеуі де оқиғадан кейін жерге қона алды, ешкім зардап шеккен жоқ.

Шетелдік БАҚ журналистерінің мәліметтері бойынша, келеңсіз жағдай Оклендтен солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде болған. Алты орындық Beechcraft Bonanza ұшағы мен екі орындық Robinson R22 тікұшағының соқтығысуы туралы деректер әзірше жоқ. Алайда ұшақтың Байрон әуежайының маңында, ал тікұшақтың егістікке қонғаны туралы белгілі болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны