18.06.2012, 10:42 2425

Қандыағашта соқтығысқан көліктер өртеніп, 3 адам қаза тапты, 14-і ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 107 шақырымында 17 маусым күні сағат 16.30-да "ВАЗ" және "УАЗ" маркалы көліктер соқтығысып, "ВАЗ" толығымен және "УАЗ" маркалы көлік жартылай отқа оранды.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Қандыағашта соқтығысқан көліктер өртеніп, 3 адам қаза тапты, 14-і ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 107 шақырымында 17 маусым күні сағат 16.30-да "ВАЗ" және "УАЗ" маркалы көліктер соқтығысып, "ВАЗ" толығымен және "УАЗ" маркалы көлік жартылай отқа оранды.

Өрт сағат 17.20-да сөндірілді. Жол-көлік апатының салдарынан "УАЗ" маркалы көліктің 24 жасар жүргізушісі мен жеке тұлғалары анықталмаған екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

"УАЗ" маркалы көліктің 30 жастағы жүргізушісі мен оның 12 жолаушысы - 7 ересек, 12,15 және 17 жастағы үш жасөспірім, 10 және 8 жастағы екі бала және "ВАЗ" көлігінің 21 жасар жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны