12.06.2008, 09:48 1410

Қапшағай мен Таразда екі адам суға батып кетті

Қапшағай мен Таразда екі адам суға батып кетті

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қапшағай мен Таразда екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Қапшағай қаласында "Ермин" демалыс аймағы аумағында 10 маусымда сағат 23.00-те 29 жастағы жігіт суда жүзіп жүріп суға батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметі 11 маусым күні шығарып алды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Тараз қаласында (Зербұлақ көлі) 10 маусымда 21 сағат 35 минутта 21 жастағы жігіт суға батып кетті. Оның мәйітін 11 маусым күні 07 сағат 30 минутта судан құтқару қызметі шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны