10.12.2008, 11:06 1554

Қапшағай мен Жезқазғанда балық аулап жүріп төрт ер адам суға батып кетті

Қапшағай мен Жезқазғанда балық аулап жүріп төрт ер адам суға батып кетті

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қапшағай мен Жезқазғанда балық аулап жүріп төрт ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Қапшағай қаласындағы Қапшағай су қоймасында 9 желтоқсанда сағат 08.00-де балық аулап жүріп екі ер адам суға батып кетті. 49 және 45 жастағы екі адамның мәйітін судан 9 желтоқсанда балықшылар шығарып алды.

Сонымен бірге, Жезқазған қаласында екі адам суға батып кетті. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Кеңгір су қоймасында 8 желтоқсанда сағат 12.50-де балық аулап жүріп ойылған мұздың астына 42 және 34 жастағы екі еркек батып кетті. Олардың мәйіттерін судан құтқару қызметі 9 желтоқсанда шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны