20.01.2010, 09:50 1663

Қапшағайда жүк пойызы мен теміржол құрамының соқтығысуы салдарынан 16 вагон шойын жолдан шығып кетті

Қапшағайда жүк пойызы мен теміржол құрамының соқтығысуы салдарынан 16 вагон шойын жолдан шығып кетті

Астана. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысының Қапшағай қаласында жүк пойызы мен теміржол құрамының соқтығысуы салдарынан 16 вагон шойын жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше "Қосқұдық станциясындағы Құлан Төбе өткелінде сағат 11.20-да Алматы мен Сарыөзек арасында қатынайтын №2008 жүк пойызы №3404 теміржол құрамының соқтығысты".

"Соның салдарынан 16 вагон шойын жолдан шығып кетті: 5 вагон аударылды, 2 вагон дөңгелегінен тайып кетті, 9 вагон шойын жолдан шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ТЖМ хабарламасында.

"Алматы теміржол бөлімінің бригадасы 150 адам мен 5 техниканың күшімен бүгін сағат 01.05-те апаттан қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны