01.02.2011, 15:46 3530

Қапшағайдағы өртенген үйден 20 астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Қапшағайдағы өртенген үйден 20 астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 1 - ақпан. Kazakhstan Today - Қапшағайдағы өртенген үйден 20 астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысына қарасты Қапшағай қаласындағы екі қабатты сегіз пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім еткендей, өрт жексенбіден дүйсенбіге қараған түні, 31 қаңтарда Қапшағай қаласы, Степная көшесі,1 мекен-жайында орналасқан үйде болған. Жалын тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен басталып, көрші пәтерлерге жайылған. Жалынның аумағы 300 шаршы метрді құрады.

"Өрт болған жерден сол үйде тұратын 43 жастағы ер адамның денесі табылды",- деп хабарлайды мекемеден.

Сондай-ақ, 3 адам құтқарылып, 23 адам, соның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге көшірілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны