22.12.2015, 12:11 6099

Қарағанды қаласы "Абсолют" сауда орталығындағы өрт жайында ақпарат

Оқиға орнына жеткенде шатырдыӊ ағаш құрылымы, бутиктер мен 2-ші қабаттағы тауар-материалдық құнды заттардыӊ жанғандығы анықталды. Өрт ауқымы 1200 кв. м. метрге жетті.

Қарағанды. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Желтоқсан айыныӊ 21 күні Қазыбек би ауданы, Бұқар-Жырау даӊғылы, 55 мекенжайы бойынша "Абсолют-Казахстан-С" Сауда үйініӊ 2-ші қабатындағы бутиктердіӊ өртке орануы жайында хабар түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға орнына жеткенде шатырдыӊ ағаш құрылымы, бутиктер мен 2-ші қабаттағы тауар-материалдық құнды заттардыӊ жанғандығы анықталды. Өрт ауқымы 1200 кв. м. метрге жетті.

Барлық күштер адамдарды құтқарып, қауіпсіз жерге көшіруге және өртті сөндіруге жұмылдырылды. Өрт кезінде 73 адам құтқарылды, 257 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқару жұмыстарына Қарағанды облысыныӊ ТЖД Өрт сөндіру қызметініӊ күшімен құтқару қалпақтары, тыныс алу аппараты, автосаты қолданылды. Өрт 20:19-да ауыздықталды, 20:54-те жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттіӊ болу себебі анықталуда.

Өртті жоюға: ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысыныӊ ТЖД Өрт сөндіру қызметініӊ жеке құрамынан 115 адам және 34 бірлік техника, Қарағанды қаласыныӊ ТЖБ жек құрамынан 6 адам мен 1 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығыныӊ жеке құрамынан 3 адам мен 1 бірлік техника, "Қарағанды Су" ЖШС 1 адам мен 1 бірлік техника, ІІБ жеке құрамынан 192 адам мен 26 бірлік техника, "Қарағанды Жарық" ЖШС 3 адам мен 1 бірлік техника, Жедел медициналық жәрдем бригадасынан 4 адам мен 2 бірлік техника, Қарағанды қаласыныӊ прокуратурасынан 1 адам мен 1 бірлік техника, "Құтқару қызмет -155" 3 адам мен 1 бірлік техника жұмылдырылды

Қарағанды облысыныӊ ТЖД

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны