15.06.2009, 09:32 1133

Қарағанды - Қарқаралы тас жолында автокөліктің аударылуы салдарынан екі адам қаза тапты

Қарағанды - Қарқаралы тас жолында автокөліктің аударылуы салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды - Қарқаралы тас жолында автокөліктің аударылуы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, апат Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Матақ ауылында болған. Қарағанды - Қарқаралы тас жолының 140-шы шақырымында 14 маусымда сағат 19.20-да "Тойота" көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды.

Соның салдарынан 29 жастағы жүргізуші мен оның 34 жастағы жолаушысы оқыс оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны