26.06.2006, 15:59 2904

“Қарағанды құрылыс бөлімі” мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 26-маусым. Kazakhstan Today. Қарағанды облыстық прокуратурасының қызметкерлері “Қарағанды құрылыс бөлімі” мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Прокуратураның түсініктемесіне сәйкес, Қарағанды облысында Шахтерлар даңғылының бойындағы ипотекалық бағдарлама аясында салынған 31-үйді салу барысында тұрғын үй заңнамасының сақталу жайына тексеру аяқталды. Тексеру қорытындысы бойынша “Қарағанды құрылыс бөлімі” мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарының жұмысын тексеру барысында сыбайлас жемқорлық қылмысының деректері анықталды.

Атап айтсақ, коммуналдық тұрғын үйді оны алуға құқығы жоқ адамдарға беру, пәтерлерді кезектен тыс тарату, коммуналдық баспанаға зәру адамдарды тіркеу тәртібі мен жекешелендіру ережелерін бұзу деректері анықталған. Сонымен бірге прокурорлар қаржыны мақсатсыз пайдалану және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұзу деректерін анықтады.

“Қарағанды құрылыс бөлімі” мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарына қызмет бабындағы әрекетсіздік, қызмет бабындағы міндеттерін дұрыс орындамау салдарынан мемлекетке ауқымды шығын келтіру жөнінде айып тағылды.

Атап айтсақ, салынған үйге жүргізілген құрылыс-монтаж жұмыстарының өлшемдері көрсеткендей, 2005-жылдың қазан айында атқарылған жұмыстардың төлемі жасалғанда іс жүзіндегі құн мен жұмыстар көлемін 8,9 млн. теңгеге асырып көрсету дерегі анықталған.

Орынбасардың үстінен қозғалған қылмыстық іс Қарағанды облыстық ішкі істер департаментіне қосымша тексеруге жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны