23.08.2006, 10:41 3085

Қарағанды облысында 13 мың гектар алқап өртеніп жатыр

АСТАНА. 23-тамыз. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында 13 мың гектар далалық алқап өртеніп жатыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 21-тамызда 18 сағат 10 минутта Амангелді және Ұлытау ауылдық округтерінің аумағында 5 мың гектар аумақты шарпыған далалық өрт шықты. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің күшімен Амангелді ауылдық округіне қарасты Маң қыстауынан 5 адам көшірілді.

Өртті сөндіруге 49 адам мен 8 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен бірге 22 тамызда 21 сағат 05 минутта Бұхар Жырау ауданында 8 мың гектар даланы шарпыған өрт шықты. Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 26 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны