22.06.2010, 12:44 2606

Қарағанды облысында 160 гектар аумақты шарпыған дала өрті сөндірілді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусымның 20-сы күні, сағат 10.40-та Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының солтүстік батысынан 45 шақырым жерде болған өрттің ауданы - 160 гектар.

Астана. 22-маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 160 гектар аумақты шарпыған дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусымның 20-сы күні, сағат 10.40-та Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының солтүстік батысынан 45 шақырым жерде болған өрттің ауданы - 160 гектар.

Құтқарушылардың деректері бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Қоскөл ауылдық округында құралған ерікті өрт сөндірушілердің күшімен келесі күні сағат 16.30-да сөндірілген. Жалынды тоқтату үшін 30 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны