28.09.2006, 10:25 3001

Қарағанды облысында 20 мың гектар аумақты шарпыған өртпен күрес жүргізілуде

АСТАНА. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында 20 мың гектар аумақты шарпыған өртпен күрес жүргізілуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, табиғи өрт 27-қыркүйекте Бұқар Жырау ауданында шыққан. Ол 3 гектар аумақтағы шабындық пен 2 гектар жердегі орманды алқапты шарпыды.

23 сағаттағы жағдаймен өрт аумағы 20 мың гектар дала мен 3 гнектар орманды қамтыды.

Өрт сөндіру шарасына 44 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің 24 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны