27.03.2013, 11:19 3358

Қарағанды облысында 23 жастағы қызды құлдыққа сатқан ҰҚТ мүшесі ұсталды

"Қарағанды облысы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы қызды ұрлап әкетіп, күштеп жезөкшелікке тарту мақсатында өзінің 43 жастағы сыбайласына сатқан қылмыстық топтардың бірінің қатысушысын - 24 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады", - деді Н.Ораз.

Қарағанды. 27-наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 23 жастағы қызды күштеп ұрлап әкетіп, өзінің сыбайласына сатқан ҰҚТ мүшесі, 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін арнайы брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

"Қарағанды облысы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы қызды ұрлап әкетіп, күштеп жезөкшелікке тарту мақсатында өзінің 43 жастағы сыбайласына сатқан қылмыстық топтардың бірінің қатысушысын - 24 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады", - деді Н.Ораз.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 128 бабы 2 тармағы "а,в" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы, апта ішінде 5629 қылмыс жасалып, оның 2534-інің ізі суымай ашылған. Сондай-ақ бұрын жасалған 674 қылмыс, 60 есірткі қылмысы ашылды. 109 қылмыскерге іздеу жарияланып, 11 қару тәркіленді. 22 келі есірткі заты, оның ішінде 1 келіден астам героин айналымнан алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны