29.10.2010, 17:00 3253

Қарағанды облысында 30 метр биіктіктегі жардан "БелАЗ" автокөлігі құлап кетіп, жүргізушісі қаза тапты - ІІД

Қарағанды облысында 30 метр биіктіктегі жардан "БелАЗ" автокөлігі құлап кетіп, жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қарағанды. 29 - қазан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 30 метр биіктіктегі жардан "БелАЗ" автокөлігі құлап кетіп, жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

27-қазан күні Қарағанды облысының Нұра ауданындағы "Богич" ЖШС-інің мыс кенін өндіретін ашық карьерінде жардан "БелАЗ" автокөлігі құлап кетіп, жүргізуші қаза тапқан.

Төтенше оқиға Шұбаркөл ауылынан 30 шақырым жердегі карьерде орын алған. 30 тонналық "БелАЗ" автокөлігінің 1957 жылғы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жардан құлап кетті. Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны