15.04.2011, 13:34 3799

Қарағанды облысында 5 граната салынған дорба табылған

Қарағанды облысында 5 граната салынған дорба табылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 5 граната салынған дорба табылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағанды облысы Балқаш қаласында кеше қаланың әр түрлі орындарында Ф-1 гранатасының 5 данасы табылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Алғашқы оқиға 14 сәуір сағат 12-де "Алматы - Екатеринбург" автожолының 637 шақырымында, "Арарат" дәмханасынан 30 шақырым қашықтықта болды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына шұғыл әрекет ету қызметі, атап айтқанда жеке құрамның 5 қызметкері мен ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД-ның өрт сөндіру қызметінің 3 дана техникасы жұмылдырылған.

Арнайы іс-шаралар жүргізу барысында ҚР ІІМ мамандары 5 Ф-1 гранатасын залалсыздандырды.

Фото: kazakhstandaily.com.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны