23.10.2009, 09:54 1469

Қарағанды облысында 900 гектар аумақтағы далалық өрт екі тәулік бойы сөндірілді

Қарағанды облысында 900 гектар аумақтағы далалық өрт екі тәулік бойы сөндірілді

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 900 гектар аумақтағы далалық өрт екі тәулік бойы сөндірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Ақтас ауылында 20 қазанда сағат 09.34-те далалық өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт 22 қазанда сағат 15.05 -те ерікті өрт сөндірушілер 30 адам мен 4 техниканың күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны