08.10.2009, 09:37 1490

Қарағанды облысында Алматы - Екатеринбург трассасында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қарағанды облысында Алматы - Екатеринбург трассасында жол апатынан екі адам қаза тапты

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында Алматы - Екатеринбург трассасында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Шет ауданында Алматы - Екатеринбург трассасының 866-шы шақырымында кеше сағат 17.50-де екі "Тойота" көлігі соқтығысты.

Апат салдарынан 54 жастағы бір жүргізуші мен 46 жастағы бір жолаушы апат орнында қаза тапты.

Сондай-ақ, Қарағанды қаласындағы Құрылысшылар даңғылында 7 қазанда сағат 22.36-да "Нива" көлігі бағанаға соғылды.

Апат салдарынан 29 жастағы жолаушы қаза тауып, 28 жастағы жүргізуші ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны