15.04.2010, 11:06 2457

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" комбинатына радиациялық фоны жоғары металл сынықтары тиелген вагон келді

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" комбинатына радиациялық фоны жоғары металл сынықтары тиелген вагон келді

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатына радиациялық фоны жоғары металл сынықтары тиелген вагон келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "14 сәуірде сағат 14.00-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатының "Карповая" бекетіне радиациялық фоны жоғары металл сынықтары тиелген №60785052 вагон келді. Вагон Қарағандының Майқұдық бекетінен жіберілген, жіберуші - "Казвторчермет" ЖШС.

ТЖМ мәліметінше, "қазір бұл вагон "Карповая" бекетінің №23 жол тұйықталымында күзетте тұр. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны