24.06.2009, 10:47 1053

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртаудың" цехында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртаудың" цехында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртаудың" цехында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Республика даңғылында шыққан. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның бір цехының ЛК-2 А конвейерінде 23 маусымда сағат 13.45-те 120 шаршы метр аумақта транспортер таспасы мен агломерат өртеніп, 20 шаршы метр аумақтың жабын плитасы құлады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 6 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 30 адамының күшімен 15 сағат 20 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны