08.09.2008, 09:48 1206

Қарағанды облысында ашық карьерде тау жыныстарын түсіру барысында жұмысшы қаза тапты

Қарағанды облысында ашық карьерде тау жыныстарын түсіру барысында жұмысшы қаза тапты

Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында ашық карьерде тау жыныстарын түсіру барысында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында (Жезқазған қаласынан оңтүстікке қарай 160 шақырымда) "Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жезқазғанцветмет" ЖШС аумағындағы "Тасқора" атты ашық карьерде 7 қыркүйекте тау жыныстарын түсіру барысында "Катерпиллер" еңістен ылдиға қарай сырғып, аударылып кеткен. Соның салдарынан 58 жастағы жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны