24.04.2013, 13:09 3546

Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады, бір адам қаза болды

2013 жылдың 23 сәуірі күні сағат 22.45 шамасында Қарағанды облысы Шет ауданы Просторное ауылының аумағында оқу-жаттығу ұшуын жасау барысында Қорғаныс министрлігі 50185 әскери бөлімшесінің МИГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады, бір адам қаза болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың 23 сәуірі күні сағат 22.45 шамасында Қарағанды облысы Шет ауданы Просторное ауылының аумағында оқу-жаттығу ұшуын жасау барысында Қорғаныс министрлігі 50185 әскери бөлімшесінің МИГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады.

Оның басқаруында ұшқыш - бөлімшенің командирі полковник М.О.Едігеев пен штурман - оның орынбасары майор Р.Р. Галымзянов болды. Ұшақтың құлауы кезінде экипаж катапульталанды.

50185 әскери бөлімшесінің жердегі-іздестіру құтқару командасы жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде апат орнында полковник М.О.Едігеевтің мәйіті мен штурман Р.Р.Галымзянов табылды. Галымзяновқа медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында Бас әскери прокуратураның, Орталық аймақтық Искери-тергеу басқармасының шұғыл-тергеу тобы және авиациялық апаттарды тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде.

Аталмыш факті бойынша Орталық аймақтық әскери прокуроры Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 392-бабында қарастырылған "ұшу немесе оған дайындық ережелерін бұзу) қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны