30.04.2007, 09:24 6523

Қарағанды облысында автокөлік пен автобустың соқтығысуы салдарынан 6 адам қаза тапты; Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 9 жасар қыз мерт болды

АСТАНА. 30-сәуір. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында автокөлік пен автобустың соқтығысуы салдарынан 6 адам қаза тапты; Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 9 жасар қыз мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Абай ауданында Қызылорда-Қарағанды-Павлодар автожолының 913-ші шақырымында 29-сәуір, жексенбі күні 9 сағатта 23 жастағы жігіт айдаған "Москвич-412" автокөлігі мен 34 жастағы жігіт айдаған жолаушылар таситын "Сетра" автобусы соғысты. Жол апаты салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен оның көлігінде отырған 18 және 23 жастағы екі жолаушы оқиға орнына мерт болып, 17, 19 және 26 жастағы жолаушылар ауруханада қайтыс болды; 15 жастағы тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында Аягөз-Қарағанды тас жолының 15-ші шақырымында 29-сәуірде 10 сағатта "Фольксваген" автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан 9 жастағы қыз бала оқиға орнында жан тапсырып, 14 және 15 жастағы екі бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны