26.02.2007, 09:48 1328

Қарағанды облысында Балхаш-Қарағанды бағытындағы жолаушылар поезы апатты жағдайда тоқтатылды

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында Балхаш-Қарағанды бағытындағы жолаушылар поезы апатты жағдайда тоқтатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл оқиға Қарағанды облысының Шет ауданында болған. 26-ақпанда 00 сағат 38 минутта Балхаш-Қарағанды бағытындағы №605 жолаушылар поезы апатты жағдайда тоқтатылды.

Мекеме ақпаратына сәйкес, поездың тоқтап қалуына пантографтың сынуы себеп болған. Соның салдарынан Свердловск-Бішкек бағытындағы №306 және Алматы-Астана бағытындағы №1 поезд кешікті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны