13.01.2010, 10:52 1658

Қарағанды облысында балық аулап жүріп суға кеткен екі балықшының мәйіті табылды

Қарағанды облысында балық аулап жүріп суға кеткен екі балықшының мәйіті табылды

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында балық аулап жүріп Балқашқа суға кеткен екі балықшының мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтоғай ауданының Сары-Шаған кентінде 10 қаңтарда сағат 18.30-да Балқаш көліне 7 балықшы батып кетті. Олар 20 мен 37 аралығындағы жігіттер.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "олардың бесеуі өз беттерімен мұздың үстіне шыққан. Екі адамның мәйіті кеше сағат 12.20-да табылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны