01.03.2007, 10:31 1587

Қарағанды облысында бір адам үсіп өлді

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында бір адам үсіп өлді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 20 жастағы жігіт 25-ақпанда Көкшетаудағы қыстаудан трактормен шыққан. Іздестіру-құтқару шараларының барысында 28-ақпанда оның мәйіті Көкшетау мен Құлабие қыстауларының арасынан, Қарқаралы ауданы Темірші ауылдық округінің Татан ауылының оңтүстік-шығыс жағынан табылды. Оны жергілікті тұрғындар тауып алған. "Жігіт үсіп өлген",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны