16.05.2007, 09:01 1181

Қарағанды облысында бір ер адам поездың астына түсіп қалды

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында бір ер адам поездың астына түсіп қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Қазыбек би атындағы ауданда, Қарағанөзек бекетінде 15-мамырда 21 сағат 20 минутта бір ер адам өтіп бара жатқан поездың астына құлап кетті. Ол жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырды.

Темір жол қатынасы үзілген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны