04.05.2010, 13:06 3177

Қарағанды облысында болған екі жол апатынан екі адам қаза тапты

Қарағанды облысында болған екі жол апатынан екі адам қаза тапты

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағандыда жүк көлігі мен маневрлік пойыз соқтығысып қалды, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан ақпаратына сәйкес кеше, мамырдың 3-і күні таңертеңгі сағат 9.15-те Октябрь ауданындағы Расков көшесінде "HOVO" автокөлігі мен "Арселор Миттал Темиртау" АҚ-ға тиесілі маневрлік тепловоз (№8844) соқтығысып қалған. Автокөліктің 49 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ, Бұхар Жырау ауданында Қарағанды - Шахтинск тас жолында бүгін сағат 00.20-да "Ауди" жүргізушісі - 42 жастағы жігіт көліктің тізгініне ие бола алмай оны аударып алды. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Бұған қоса Жаңақорған ауданында Шымкент - Самара тас жолының 264-ші шақырымында 3 мамырда сағат 16.15-те ВАЗ және "Мерседес" көліктері соқтығысты.

Соның салдарынан ВАЗ көлігінің 33 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны