08.05.2012, 13:01 3122

Қарағанды облысында болған ірі көлік апатынан 15 адам қаза тауып, 3-уі жарақаттанды

8 мамыр күні сағат 01.15-те Қарағанды облысының Шет ауданында "Алматы - Екатеринбор" тас жолының 743 шақырымында "КамАЗ" бен "Ssang Yong" маркалы шағын автобус соқтығысқан.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында болған ірі көлік апатынан 15 адам қаза тауып, 3-уі жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 мамыр күні сағат 01.15-те Қарағанды облысының Шет ауданында "Алматы - Екатеринбор" тас жолының 743 шақырымында "КамАЗ" бен "Ssang Yong" маркалы шағын автобус соқтығысқан.

Жол-көлік апатының салдарынан шағын автобустың 14 жолаушысы мен жүргізушісі - Қырғызстанның азаматтары (жеке тұлғалары анықталмаған) оқиға орнында көз жұмды. Шағын автобустың тағы да екі жолаушысы мен "КамАЗ" жүргізушісі әртүрлі жарақатпен Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді.

Апат орнына Шет ауданы ТЖБ-нің 3 адамы мен 2 техникасы және ҚР ТЖМ "ЦМК" ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны