11.03.2012, 13:59 3610

Қарағанды облысында болған көлік апаты кезінде екі қыз өртеніп кетті

Оқиға жексенбіге қараған түні Теміртау қаласы маңында болған. "Тойота" көлігін жүргізетін қыз көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетінде келе жатқан көлікпен қақтығысқан.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында болған көлік апаты кезінде екі қыз өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысында жол апатынан екі қыз көз жұмып, бір адам жарақат алды.

Облыстық жедел-медициналық жәрдем қызметінің хабарлауынша, оқиға жексенбіге қараған түні Теміртау қаласы маңында болған. "Тойота" көлігін жүргізетін қыз көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетінде келе жатқан көлікпен қақтығысқан.

"Соғылғаннан кейін "Тойота" көлігі өртеніп кетті. Салонда қысылып қалған жүргізуші қыз бен оның құрбысы көлікпен бірге өртеніп кетті, екінші көліктің жүргізушісі де ауыр жарақат алды. Қазір ол ауруханаға жеткізілді", - деді диспетчер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны