23.05.2011, 11:00 1588

Қарағанды облысында болған көлік апатының салдарынан бес адам мерт болды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан бес адам қаза тауып, екеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етіп отыр.

Қарағанды. 23 - мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында болған көлік апатының салдарынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан бес адам қаза тауып, екеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етіп отыр.

"22 мамыр күні сағат 17.50 кезінде Сарань қаласында "Мерседес" пен "Ауди" автокөліктері соқтығысты. Апат салдарынан "Ауди" автокөлігі сырғанап келіп, екі жаяу жүргіншіні қақты, олар ауруханада қаза тапты", - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

"Жол-көлік апаты кезінде "Ауди" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы мерт болды", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. "Ауди автокөлігінің 14 жастағы жолаушы қызы ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға "Мерседес" көлігінің жүргізушісі де жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны