17.09.2010, 15:54 3076

Қарағанды облысында болған жол апатынан Қырғызстанның төрт азаматы мерт болды

Қарағанды облысында болған жол апатынан Қырғызстанның төрт азаматы мерт болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қарағанды. 17 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында болған жол апатынан Қырғызстанның төрт азаматы мерт болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік апаты Қарағанды облысының Шет ауданында, "Алматы-Екатеринбор" тас жолының 759-шы шақырымында болған. "Вольво" көлігі мен "Тойота-Королла" жеңіл көлігі соқтығысып, жол апатының салдарынан Қырғызстанның 4 азаматы қаза болды, олар "Тойота" көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушылары - 46 жастағы әйел, 23 жастағы жігіт және жаңа туған нәресте.

Жеңіл көліктің екі жолаушысы - 17 жастағы екі жігіт Балқаш ауруханасына жеткізілді, олар да - Қырғызстан азаматтары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны