17.06.2009, 09:28 1217

Қарағанды облысында екі әскер гранатаның жарылуы салдарынан жарақаттанды

Қарағанды облысында екі әскер гранатаның жарылуы салдарынан жарақаттанды

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында екі әскер гранатаның жарылуы салдарынан жарақаттанды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Балхаш қаласының Тоқырау кентінде болған. ҚР Қорғаныс министрлігінің №89533 әскери бөлімшесінде 16 маусымда сағат 13.59-да "Балхаш-10 (Тоқырау) техникалық аумағынан жарылғыш заттарды табу жұмыстары кезінде танкке қарсы қолданылатын (ПГ-7) гранатасы жарылды".

Соның салдарынан №58012 әскери бөлімшесінің 26 жастағы аға лейтенанты мен №44859 әскери бөлімшесінің 36 жастағы капитаны жарықшақтардан жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны