11.01.2010, 10:17 1555

Қарағанды облысында екі жігіт балық аулап жүріп автокөлігімен бірге суға батып кетті

Қарағанды облысында екі жігіт балық аулап жүріп автокөлігімен бірге суға батып кетті

Астана. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында екі жігіт балық аулап жүріп автокөлігімен бірге суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Балқаш көлінде 42 және 39 жастағы екі жігіт балық аулап жүріп, суға кетті. Олардың бірінің мәйіті іздестірілуде, екіншісінікі табылды.

Ведомствоның ақпараты бойынша, "Фольксваген" көлігіне мінген 39 және 42 жастағы екі балықшы кеше, 10- қаңтарда сағат 11 шамасында көлікпен бірге суға батып кеткен.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Балхаш ауданы Қараой кентінің маңында Балхаш көліне балық аулап жүріп автокөлігімен бірге суға батып кеткен 33 жастағы жігіттің де мәйіті табылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 8 қаңтарда сағат 11.30-да болған. "Нива" автокөлігімен бірге суға батып кеткен балықшының мәйіті ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің күшімен кеше сағат 14.30-да судан табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны