23.06.2011, 17:35 3285

Қарағанды облысында ер адам өзінің бір жасар қызын көлікпен жаншып өлтіріп алды

Щербаковское ауылының 35 жастағы тұрғыны өз үйінің ауласынан "Фольксваген-Транспортер" көлігімен шығып бара жатып, көліктің артында бір жастағы баласы тұрғанын байқамай көлігімен басып кеткен.

Қарағанды. 23 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында ер адам өзінің бір жасар қызын көлікпен басып өлтіріп алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Щербаковское ауылының 35 жастағы тұрғыны өз үйінің ауласынан "Фольксваген-Транспортер" көлігімен шығып бара жатып, көліктің артында бір жастағы баласы тұрғанын байқамай көлігімен басып кеткен.

"Көлік сәби денесімен жүріп өткен десе болады. Сансыз сынықтар мен ішкі органдарының көптеген жерден үзілуден қыз бала сол орында жан тапсырды", - деп хабарлады облыстық "Жедел медициналық көмек" орталығында.

Айта кетерлігі, баланың анасы сол кезде үйде болып, қызының от алып тұрған көлікке жақындағанын байқамаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны