27.07.2006, 16:31 3016

Қарағанды облысында қарасора алқабы жойылды

АСТАНА. 27 шілде. Kazakhstan Today. Жезқазған полиция қызметкерлері қарасора алқабының көзін жойды. Бұл жөнінде агенттікке ҚР ішкі істер Министрлігі баспасөз-қызметінен хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Мықыр төңірегінде заңсыз қарасора егумен айналысып жүрген Қызылорда облысының үш тұрғыны ұсталған. 6 гектар жерге 7 мың түп егіліпті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны